Қырғызстанда барлық қойлар есепке алынады

Жарияланды
Нақты санақтыі қорытындысы 16 ақпанға дейін шығарылады

Қырғызстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мал мен құсты санайтын болды. Бұл туралы  24.kg сайты департаментке сілтеме жасап  хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары әр шаруашылықты айналып өтіп, бар қой, сиыр, тауық, қаз, үйректерді қайта жазуды көздеп отырғаны нақтыланды. Қала маңындағы аудандар, демалыс үйлері, пансионаттар да есепке алынады.

Алдын ала қорытындылар 2022 жылдың 24 қаңтарына дейін, ал соңғы қорытындылар 16 ақпанға дейін шығарылады.

 

Сондай-ақ оқыңыз