Америка Құрама Штаттарында ғалымдар коронавирустық РНҚ-ны анықтай алатын және жоғары тиімділікпен COVID-19 диагнозын қоя алатын Bubbler құрылғысын жасады. Бұл туралы 24.kg сайты The Journal of Molecular Diagnostics сілтеме жасап хабарлады.
Құрылғы ауру адамдарда вирустық бөлшектерден РНҚ-ның кері транскрипциясын (яғни РНҚ-ның ДНҚ-ға айналуын) орындайды. Сонымен қатар, Bubbler пациенттің вирустық жүктемесін анықтайды және вирус штаммын көрсетеді.
Құрылғы 2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың қаңтарына дейін 70 науқасқа сынақтан өтті.
Тыныс алу жолдарының үш нүктесінен адамдардан үлгілер алынды. Тілден және 15 секундтық тыныс алу үлгілері ПТР сынағы үшін мұрын-жұтқыншақ жағындысымен салыстырылды.
Нәтижесінде, COVID-19-ды дем шығарылған ауада оңай анықтауға болатыны анықталды, ал Bubbler төменгі тыныс жолдарының зақымдануын болжай алады.
Американдық ғалымдардың пікірінше, мұндай құрылғы мұрын-жұтқыншақ жағындыларына қарағанда әлдеқайда жылдам және дәлірек, өйткені төменгі тыныс алу жолдары жоғарғы жаққа қарағанда жоғары вирустық жүктемемен сипатталады.