Алматы циркі кішкентай көрермендерді сиқырлы әлемге шақырады

Жарияланды
Циркте Жаңа жылдық "Снежная королева" атты қойылымы өтті

2021 жылдың 18 желтоқсанынан 2022 жылдың 09 қаңтары аралығында Қазақ мемлекеттік Алматы тұрғындры мен қонақтарына Ханс Кристиан Андерсеннің «Снежная королева» атты ертегі желісімен қойылған сиқырлы бағдарламасына  шақырады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімшілігі Алматы  қаласы Мәдениет басқармасы Коммуналдық Мемлекеттік  Қазыналы Кәсіпорны «Қазақ Мемлекеттік Циркі» Баспасөз қызметі хабарлады.

Жауыз күштер жақсылыққа қарсы тұрады және тек шынайы достық зұлымдықты тоқтата алады. 

Цирк өнері тілінде ертегі кейіпкерлерінің сиқырлы оқиғалары мен сиқырлы өзгерістері баяндалған. 

Кейіпкерлер: Снежная королева, Кай, Герда, Көктем, Жаз, Күз.

Бұл қойылым жұмбақ пен ғажайыпқа толы, бағдарлама үшін ерекше сценарий жазылып, жарқын, ерекше сюжеттерімен толықтырылды, жаңа костюмдер мен ерекше реквизиттер жасалды. 

Жаңа бағдарламада цирк, театр, музыкалық және хореографиялық өнердің үздік дәстүрлері жинақталған.

Режиссерлік-қойылымдық топ ойын – сауық міндетінен басқа, білім және тәрбие беру міндеттерін де қойды.

Цирк өнерінің кішкентай жанкүйерлері цирк қойылымындағы әйгілі ертегімен таныса алады.

Цирк қойылымының ұзақтығы үзілісімен 2 сағат.
 

Сондай-ақ оқыңыз