Перуде омикрон штаммын жұқтырудың төрт жағдайы анықталды

Жарияланды
Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді

Перуде коронавирустың жаңа омикрон штаммын жұқтырудың төрт жағдайы анықталды, деп хабарлады РИА Новости елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыстан кейін Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың жаңа нұсқасын алаңдаушылық тудыратын санатқа жатқызу туралы шешім қабылдады. Жаңа штамм – B.1.1.529 – ДДҰ грек әрпімен omicron деп атады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, коронавирустың жаңа омикрондық штаммының таралуына байланысты жалпы жаһандық қауіп «өте жоғары» деп бағаланады және оның бүкіл әлемде одан әрі таралу ықтималдығы да жоғары.
 

Сондай-ақ оқыңыз