Жаңалықтар

Кабулда тәліптер жарнама плакаттарындағы әйелдердің бетін сызып тастап жатыр

Олар бұл суреттерді шариғат нормаларына сәйкес келмейтін дейді

Талибандар тағайындаған Ауғанстан астанасының билігі қаланың жарнамалық плакаттарына олардың пікірінше, шариғат нормаларына (ислам құқығы) сәйкес келмейтін суреттерді бояйды. Бұл туралы Анадолу сайты Кабул муниципалитетінің Twitter парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

Қала билігі таратқан фотосуреттерде той салондары, киім дүкендері мен шаштараздардың зақымдалған жарнама плакаттары көрінеді. Бояу астында әйелдердің бет-әлпеті мен қолының сұлбасы көрінеді. Сонымен қатар, жас жұбайлармен плакаттардың бірінде тәліптер де ер адамның бетін бояған.

 «Плакаттардағы шариғат нормаларына қайшы келетін суреттерді жою процесі жүріп жатыр», – делінген Кабул муниципалитетінің мәлімдемесінде.

Ол сондай-ақ жарнамалық плакаттарды орнату кезінде этикалық құндылықтарды сақтау қажеттігін атап көрсетеді.