Оңтүстік Кореяда омикрон штамы дельтадан үш есе жылдам тарап келеді

Жарияланды
Елде бұл жаңа штаммын жұқтырғандар саны 227-ге жетті

Оңтүстік Кореяда бір күннің ішінде жаңа омикрон штаммын жұқтырудың 49 дерегі тіркелді. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Жалпы жұқтырғандар саны 227-ге жетті.

Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрлігі осындай болжам жасады. 

Кореяның ауруларды бақылау агенттігінің мәліметінше, Омикрон штамы дельтадан үш есе жылдам тарап келеді.

Астаналық аймақпен қатар коронавирусты жаппай жұқтыру елдің өзге де өңірлерінде тіркеліп отыр.

 «Үш ережені сақтау қажет. Мейрамханаларда бөлек ыдыс-аяқ қолдану керек. Екіншіден, амандасқанда қол беріп, құшақтасуға болмайды және үнемі қолды жуып тұрған жөн. Үйде де маска тағу әдетке айналуы тиіс»-деді Кванджу қаласының мэрі Ли Ен Соп.

 

Сондай-ақ оқыңыз