«ҚТЖ» ҰК» АҚ Маңғыстау облысына 980-нен астам вагон шөп жеткізді

Жарияланды

Ағымдағы жылдың шілде – қараша және желтоқсанның 19 күні аралығында құрғақшылықтан зардап шеккен еліміздің батыс өңірлеріне «ҚТЖ» ҰК» АҚ сығымдалған шөбі бар 986 вагон жеткізді.Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

 Оның ішінде алты айда ( маусым – қараша) – 957 вагон, желтоқсанда – 29 вагон.

Шөп Атбасар, Арқалық, Шелек, Тараз, Шу, Сарыағаш, Арыс, Түрксіб және Шымкент станцияларында тиеліп, Маңғыстау, Өзен, Шетпе, Бейнеу, Сексеуіл және басқа да станцияларға жеткізілді.

Шөптің негізгі бөлігі «Қазтеміртранс» АҚ меншігіндегі вагондарға тиелді.

 

Сондай-ақ оқыңыз