Тарихтағы алғашқы SMS Франциядағы аукционда 107 000 еуроға сатылды

Жарияланды
Бірінші қысқа хабарламаны 1992 жылы 3 желтоқсанда Vodafone директоры Ричард Джарвис алды

Тарихтағы а лғашқы SMS-хабарлама Францияда 107 мың еуроға бағаланды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Бұл 1992 жылы 3 желтоқсанда британдық Vodafone ұялы байланыс операторының директоры Ричард Джарвиске сымсыз телефон арқылы жіберілген «Рождество мерекесімен» хабарламасы.

Аукционды Aguttes аукцион үйі ұйымдастырды.

Сатып алушы хабарламаның цифрлық көшірмесінің иесі болды – NFT таңбалауышы.

Сатып алушы жасырын қалғысы келді.

Ол канадалық және технология саласында жұмыс істейді деп хабарлайды.

Vodafone акция бойынша алынған соманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының Басқармасына аударады.

Адамға кез келген цифрлық өнер нысанына меншік құқығын қамтамасыз етуге және оны сатуға мүмкіндік беретін NFT технологиясы нарықта барған сайын танымал бола түсуде.
 

Сондай-ақ оқыңыз