2022 жылдың қаңтарында қазақстандықтар неше күн демалады

Жарияланды
Мереке сенбі және жексенбі күндеріне сәйкес келеді

2022 жылдың қаңтарында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қосқанда барлығы 13 күн демалады.

2021 жылдың соңғы күні, 31 желтоқсан жұмаға сәйкес келеді. Бұл жұмыс күні болады. 1 және 2 қаңтарда ел тұрғындары Жаңа жылды тойлайды. Мереке күндері сенбі және жексенбі күндері болғандықтан, олар дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады.

Рождество – 7 қаңтар (демалыс күні) – жұмаға келеді. 2022 жылдың қаңтарында қазақстандықтар 11 күн демалады және екі мереке күні болады.

Осылайша, келесі жылдың қаңтарында бес күндік жұмыс аптасына сәйкес республика тұрғындары 13 күн демалады (1, 2, 3, 4, 7, 8, 9, 15, 16, 22, 23, 29, 30 қаңтар ), алты күндік жұмыс аптасымен – сегіз күн (1, 2, 3, 7, 9, 16, 23, 30 қаңтар).

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Білім және ғылым министрлігі мектептегі каникулдың мерзімін бекітті – қыста қазақстандық балалар 30 желтоқсан мен 9 қаңтарды қоса алғанда демалады.

Сондай-ақ оқыңыз