Желідегі жарқын және түрлі-түсті безендірілген, селт еткізер тақырып, сіз оның егжей-тегжейін білу үшін тақырыпты ашқыңыз келеді. Алайда, қолданушылар осылай жасай отырып, алаяқтардың құрбаны болу тәуекеліне барады. Бұл туралы Fingramota.kz толығырақ айтып береді.
Кликбейт (ағылшын тілінен «click» «шерту», «bait» «жем» деп аударылады) – бұл маркетингтік құрал, ол әдетте таңқаларлық тақырып немесе фотосурет, бейнеролик, пайдаланушылардың қызығушылығына арналған баннер. Жаңалықтың немесе оқиғаның жалғасын оқу үшін сіз осы тақырыпты басуыңыз керек және дереккөзге автоматты түрде сілтеме жасалады.
Кликбейт қолданушылардың эмоцияларына жүгінеді, оны алаяқтар белсенді қолданады. Шабуылдаушылардың басты міндеті – ықтимал құрбандардың басқаруды жеңілдету үшін олардың екіұшты сезімдерін ояту. Бұл тітіркену, таңғалу, елжіреу, ашулану, аяушылық, құмарлық және басқалар болуы мүмкін. Кликбейт-тақырыптар жасау үшін, әдетте, ақпаратты «сатуға», ресурсқа арналған трафикті арттыруға, ал алаяқтық жағдайында пайдаланушылардың дербес деректерін алу үшін зиянды файлды таратуға мүмкіндік беретін арандатулар пайдаланылады.
Алаяқтар кликбейтті өз мақсаттары үшін қалай пайдаланады?
Алаяқтық кликбейт мысалдары: «Тек бүгін ғана! IPhone жарты бағамен, бұл үшін … жетіп жатыр», «Адам сенгісіз! Жаңа жыл құрметіне сыйлықтар таратылады!», «Бұл сенсация! Жатар алдында … ішсеңіз, тұмау мен коронавирус қорқынышты болмайды» және т.б.
Алаяқтар электронды поштаға, банктердің, танымал блогерлердің, дүкендердің және басқа ұйымдардың атынан түрлі мессенджерлерге кликбейтті тақырыптары бар хаттар жібереді. Кейбір тақырыптар сіз көргіңіз келетін бейнероликтермен бірге жүреді, бірақ оны көру үшін гаджетке арнайы қосымшаны орнату керек. Оған сілтеме, әрине, көрсетілген. Егер пайдаланушы оны жүктеп алса, онда ол маңызды деректерді ұрлай алатын зиянды бағдарламаны орнатады және оның көмегімен алаяқтар гаджетті қашықтан басқара алады.
Сілтеме бойынша өтсе не болады?
Пайдаланушылар толығырақ мағлұмат алу үшін алаяқтардың тақырыбына басқан кезде олар фишинг сайтқа түседі. Мұндай интернет-ресурс түпнұсқа сайттың клоны, мәселен жаңалықтар порталының, техника дүкенінің, кез келген басқа онлайн-дүкеннің, сондай-ақ танымал әлеуметтік желілерге кіру беттері болып табылады. Кейбір пайдаланушылар ойланбастан, әдеттегідей өз аккаунтына кіретін қимылдар жасап жіберулері мүмкін, мұндай жағдайда олардың есептік деректері хакерлердің қолына түседі.
Егер бұл онлайн-дүкеннің жалған беті болса, онда пайдаланушылардан өздерінің банктік деректерін енгізу сұрайды, және тапсырысты ресімдегеннен кейін мыс, кибералаяқтар барлы төлем ақпаратына ие болады.
Алаяқтық кликбейтті анықтауға бола ма?
Кликбейттің екінші жағында қауіпті контент жасырылуы мүмкін. Сондықтан, пайдаланушылар қаржылық алаяқтардың онлайн тұзағына түсіп қалмас үшін әрдайым мұқият болуы және қырағылық танытуы керек.
Егер бет ұзақ уақыт жүктелсе, содан кейін сізді басқа сайтқа
қайта бағыттаса, бірден қосымша бетті жабыңыз!
Қандай тартымды және қызықты тақырып болмасын, ол үшін жеке деректеріңізге қауіп төндірудің қажеті жоқ. Кликбейтке алданып қалмаңыз, жеке және банктік деректеріңізді, сондай-ақ поштаның, әлеуметтік желілердегі аккаунттардың логиндері мен парольдерін көрсетпеңіз.
Егер кликбейтті басқан кезде, сізден бірдеңені жүктеу сұратылса,
мұны жасамаңыз!
Егер Сіз кликбейтн тақырыбында көрсетілген нақты тақырыпқа қызығушылық танытсаңыз, интернеттен және бейнехостингтен ақпаратты немесе бейнені өзіңіз іздегеніңіз дұрыс. Ешқандай жағдайда күмәнді бағдарламалық қамтамасыз етуді жүктеу сілтемесіне өтпеңіз. Егер Сіз қосымшаларды жүктейтін болсаңыз, оны тек ресми дүкендерден жасаңыз. Сондай-ақ, гаджеттің параметрлерінде үшінші тарап көздерінен бағдарламаларды орнатуға тыйым салуды іске қосу ұсынылады. Ең бастысы – антивирусты қолданыңыз және оны жаңартуды ұмытпаңыз.
Есіңізде болсын, «аспандағы айды» тек алақтар уәде етеді!
Сіздің сүйікті тауарыңызға жаппай сатылым, немесе суперпайыздар мен үстеме пайда мен оңай табыс туралы айтқан атауы қызықтырар болса, онда сыни ойлауды қосыңыз. Бұл алаяқтардың айла-амалдары болуы, және Сіз кликбейтті басқан кезде Сіз фишинг сайтына кіруіңіз мүмкін.