Ақтауда бұзақылар 2,5 миллион тұратын жаңа әткеншекті сындырып кетті

Жарияланды
2 756 699 теңгеге «Заманауи киіз үй» шағын архитектуралық пішіні аман қалды

Әлі есепке алынбаған «Әткеншек» шағын сәулет нысаны белгісіз біреулердің қолынан зардап шекті. Бұл туралы lada.kz сайты хабарлады.

Ынтымақтың орталық алаңында «Clover media group» ЖШС орнатып жатқан құрылысы аяқталмаған «Әткеншек» нысанын бұзған бұзақылардың әрекеті қала тұрғындарының ашу-ызасын тудырды.

 « Сөз жоқ. Алаңда барлық бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұрғаны анық, бұл бұзақы адамдарды анықтау қиын емес еді, бірақ қандай да бір себептермен полицейлер қозғалмайды деді»,- қала тұрғыны Ғалия.

Қалалық әкімдік «Әткеншек» шағын сәулет нысанының әлі балансқа қабылданбағанын хабарлады.

 «Енді қалпына келтіру жұмыстарын «Clover media group» ЖШС компаниясы жүргізетін болады», – деп атап өтті әкімдікте.

«Әткеншек» шағын сәулет нысанының құны 2 553 441 теңге.

 

Сондай-ақ оқыңыз