Ауғанстанда енді әйелдер хиджабсыз таскиге отыра алмайды
Ауғанстандағы билеуші радикал исламшыл Талибан қозғалысы жүргізушілерге көліктерінде музыка ойнауға тыйым салды. Бұл туралы DW сайты хабарады.
Сонымен қатар, олар көлікте жолаушы ретінде болған әйелдерге шектеу енгізді. Имандылықты насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігінің жазбаша бұйрығына сәйкес, әйелдерді көлікте хиджабсыз тасымалдауға тыйым салынады.
Сондай-ақ, хиджабсыз әйелдерді ұшақ бортына отырғызбау керек. Жексенбіде, 26 желтоқсанда аталған директиваның қабылданғаны туралы ақпаратты министрліктің ресми өкілі Мохаммад Садик Асиф растады.
Әлеуметтік желіде де тарап кеткен хиджабтың қандай болуы керектігі туралы директивада түсініксіз. Әдетте, Талибандағы хиджаб шаш пен мойынды жасыратын шапан емес, фигураны басынан аяғына дейін жауып тұратын жамылғыны білдіреді.
Директивада сондай-ақ жүргізушілер 45 мильден (шамамен 72 шақырым) астам жол жүруге ниетті әйелдерді көлікке ерлердің еріп жүруінсіз отырғызбауды тапсырады. Сонымен қатар, Талибан директивасы жүргізушілерден намазға үзіліс жасап, басқа ер адамдарға сақал қоюға кеңес беруді талап етеді.