Жамбыл облысында балабақша қызметкері 54 миллион теңгені жымқырды
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі әлсіз тұстарды жоюға бағытталған «Qamqor» әлеуметтік жобасын іске асыруда. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «Qamqor» жобасы аясында Жамбыл облысы Сарысу ауданы білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасы қызметкерінің ақша қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Тергеу барысында балабақшаның бюджеті бойынша жауапты қызметкер Д.Әбибуллаев өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ өзінің карточкалық шотына заңсыз ақша аудару арқылы жалпы сомасы 54 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Д. Әбибуллаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды
18 млн. теңге мөлшеріндегі залал сомасының бір бөлігі өтелді.