30 жылда ажарлана түскен Алматы

Жарияланды
Шаһар тұрақты даму жолынан тайған емес

Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы – өткенді саралап, болашақты барлайтын уақыт. Қай қырынан алсаң да, 30 жылда Алматы шаһары да ажарлана, әсемдене түсті. Халық саны 1,8 есеге артып, 2 миллионнан асты. Көптеген нысан бой көтеріп, мешіттер мен шіркеулер, мектептер мен театрлар, спорт кешендері мен дене шынықтыру алаңдары және жаңа қонақ үйлер ашылды. Баспана құрылысының көлемі 7,5 есеге артып, 26,8 млн шаршы метр пәтер салынды. Қаламыз Қазақстанның мәдени орталығы ғана емес,  экономикалық дамуының күре тамыры іспетті  дамып келеді. 

Елбасы мен президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында Алматы қай қырынан алсаң да, тұрақты қарқынмен дамып келеді. Отыз жылдың ішінде Алматы талай жаһандық қиындықтар мен сынақтарға төтеп бере алды. Тұрақты даму жолынан тайған емес. Мұның айғағы, 1993 жылы 2,1 млрд. теңгеден 2020 жылы 13,5 трлн. теңгеге өсіп, тауарлар мен өндіріс өнімдерін мың есеге артық шығара бастады. Әрі өнім сапасы жылдан жылға жақсарып, арта түсті. Тәуелсіздік алған жылдан бастап, мемлекетіміз шағын және орта бизнес саласына көп көңіл бөліп, қолдау жасады. Нәтижесінде Алматыда жеке кәсібін дөңгелетін отырған компаниялардың саны 95 есеге көбейсе, ШОБ саласында еңбек етушілердің қатары 9 есеге артты.

2021 жылдың бірінші жарты жылдығында, жаһандық пандемияға қарамастан, Алматы экономикасы 5,5% артты. Қаланың ІЖӨ көрсеткішінің артуына ықпал еткен  негізгі үш сала олар: қалалық өндіріс-18%, құрылыс саласы 22%, көтерме сауда көрсеткіші 15%. Осы салалардың жалпы жиынтығы 12 трлн теңге жетті. Осының арқасында 55 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылып, қала тұрғындарының әл-ауқаты артты. Алматы республикалық бюджетке түсетін салық төлеу көрсеткіші бойынша да еліміздің белді қалаларының көшбасында келеді. Мәслихат депутаттары қайта қараған 2021 жылға арналған қала бюджетінен түсетін салық төлемдерінің көлемі 715 млрд теңгені құрады. 916 млрд болатын Алматы кірісінің 18 пайызы немесе 165 млрд трансферлер үлесінде. Мәселен, 2022 жылға арналған Шымкент қаласының бюджетінде трансферлер көлемі қара кірісінің 62% немесе 458 млрд теңгені құрайды.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен «Алматы стратегиясы -2050» бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Яғни қала инфрақұрылымын жаңсарту жағы , бақылау шектеуінен шыққан көші қон мәселесі тәуекелдерінің алдын алу, қаржы саласының үлесін арттыру, ғылым, қала экономикасындағы техника, қоршаған ортаны жақсарту, қаланың ІЖӨ көлемін жылына 5% арттыру, сонымен қатар әсіресе қаланың төменгі бөлігінде құрылыс саласын әрі қарай дамыту көзделген. Қала мәслихатының күн тәртібінде экономикалық өсімді тұрақты дамытуды жалғастыру мәселесі қаралды. Ол үшін бизнестің де қаланың да инвестициялық мүмкіндіктері жеткілікті. Осы орайда, мәслихат өсімге ықпал ететін барлық факторларды іске қосуға дайын. Атап айтқанда инфрақұрылымды дамыту, салалық экономиканың цифравизация мен технологиялық мәселелерін жаңарту,  энергетикалық тиімділігі және озық экологиялық стандарттарды енгізу, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру, мамандар даярлығы және қалалықтардың іскерлік бастамаларын қолдау. Экономикалық өсімнің айқын көрсеткіші сан мен сапа. Ал еңбек рессурстарының көрсеткіші: денсаулық пен тұрғындардың біліктілігі. Қолжетімді баспана бағдарламасына үміткерлердің сұранысын қанағаттандыру арқылы алматылықтардың да қатары артып келеді.  Сапалы медицина қызметі мен білім беру саласы уақыт өткен сайын маңызды бола түсуде.

Осындай даму үрдістерін ескере отырып, қаладағы денсаулық сақтау саласының ұйымдары 30 жылда 1,5 есеге атртқан. Олардың материалды-техникалық құрамы бүгінде 91,5% құрайды. Анестезиология бөлімі, жан сақтау және интенсив терапия  бөлімі толғымен жабдықталған. Жедел жәрдем қызметінің жұмысы жетілдірілген; үш жаңа подстанция салынса, қызмет көрсететін бригадалардың қатары екі есеге арттырылған және автопарк құрамы 70% жаңартылған. Қазіргі уақытта инфекциялық ауруларға арналған көпсалалы ғылыми зерттеу орталығының, үш емхана, тоғыз отбасылық-дәрігерлік амбулатория мен екі модульді КТ орталығының құрылысы басталды. Барлық мемлекеттік модернизациялар 100% компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Қала болашағының жетістіктерін ескере отырып, экономикамыздың цифровизациясы, білім мен мәдениет, креатив индустрия — Алматы дамуының ұстанатын басты стратегиясы. Соның ішінде білім саласының жетістіктері мен жеңістері — өз алдына бір мақтаныш. Білім сапасының жақсаруы алматылықтарды бұрынғыдан да бетер тізбекті білім алуға құштарлықтарын арттыра түскендей. 

Білім беру саласы — адам баласының саналы өмір сүріп, әлемдік тенденциялардан қалмай дамуына ықпал ететін бірден фактор. Өйткені жастайынан білім саласына аяқ басқан бала бойына мәдениетіміз бен тарихымыз, сал-дәстүріміз және рухани байлығымыз қоса сіңіріледі. Жан жақты , білімді, мақсатшыл тұлға ғана ертеңгі қоғамның берік тірегі бола алады.

«Тәуелсіздіктен бері Алматыда  жылдары  61 бала бақша, 45 мектептің іргетасы қаланса, іскер адамдардың қолдауымен 450 бала бақша, 84 мектеп бой көтергенін ерекше атап өткен жөн. 2021 жылдың өзінде мемлекеттік 3 және жеке меншік 72 бала бақша салынып, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қалада 8 мемлекеттік мектеп пен 17 жапсыра салынған оқу корпустары аяқталып жатыр.  Бұл дегеніміз 3-6 жас аралағындағы балалардың 91% мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды деген сөз. Тағы жақын арада 16 мыңға жуық оқушы орнын ашу көзделеді»,- деді Алматы Мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров. 

Жақында Алматыда белді De Montford университетінің бөлімі ашылды. Елбасының бастамасымен Назарбаев университеті жасанды интеллект мектебінің құрылысы қолға алынды. Бүгінгі таңда мектептердің 80% инклюзивті  білім беру жүйесіне көшкен. Осындай тәсілмен ерекше күтімді қажет ететін 4 мың бала білім алып отырған жайы бар. Алматы қаласының мәслихаты балалардың шығармашылық және спорттық мүмкіндіктерін назардан тыс қалдырған емес. Жасөспірімдерді тегін , жан басына шаққандағы механизм бойынща спорт секцияларымен қамтамасыз етуді көздейді. Осы мақсатта1,5 млрд теңге бөлінді. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы ішінде 33 мыңға жуық ерекше  қарауды талап ететін балалар мен жасөспірімдер, тегін үйірмелерге қатысып,  спорттың 37 түрі бойынша шыныққан. Қазіргі уақытта 36 шығармашылық үйірмесі бар. Оған 15 мыңға жуық бала қатысады.тағы айта кететін жәйт, Алматы спорттық құрылғылармен жабдықталған бірден бір озық қалалар тізімінде. 

Қаламыздың экономикасы саясатпен егіз десек қате айтпағанымыз. Экономикасыз саясатты көзге елестету мүлде болмас. Өзара байланыста болатын салалардың мақсаты бір. Мәселен саясат, топтардың жалпыға бірдей маңызды саналатын тұстарын алға шығарады. Индивидтерге қоғамдағы интеграцияны қамтамасыз етіп, қоғамның тұтастығын қадағалайды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Алматының саяси мәртебесі жаңарып, өзгере түсті. Соңғы жылдың өзінде қала мәслихатының құрамы 72% жаңартылып, 5 жасқа жасара түсті. Әйел азаматтары да депутаттық міндетті абыроймен атқарып келеді. Жаңартылған құрамдағы олардың үлесі 25,7%, ал жастардың көзқарасын алға тартатын жас депутаттар 25,6% құрайды. Әрі олар жастар кеңесін құрып отыр. 

Алматыда тұңғыш рет депутаттар рейтінгі іске қосылды. Мұндай үрдісті өзге де аймақтардың депутаттары іліп алып, қолданысқа енгізіп үлгерді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде жүздеген арыз талаптар бойынша,  азаматтарды қабылдау ұйымдастырылса, болашаққа да жоспар көп. Парламент Мәжілісінің жүйесіне ұқсас ұсыныстарды зерттеп, зерделейтін және саяси партиялармен арадағы пікіралмасу алаңын қалыптастыру жөніндегі  кеңес құру жоспары бар. Тұрғындармен арадағы кері байланыс — Алматы мәслихатының басты артықшылығы. Осындай басымдықты айшықтай түсу үшін мәслихат сайтында Оpen Almaty жүйесі арқылы депутаттардың виртуалды қабылдауын ұйымдастырып, азаматтардың сауалдарын қабылдау мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, мәслихат «Депутатпен жүздесу» — «Диалог с депутатом» теле жобасын жүзеге асырмақ ниетте. Мұндай жоба қала тұрғындарының күнделікті түйткілді мәселелерін талқылап, шешімін табуға арналады.

Айта кету керек, мәслихат депутаттарының алматылықтармен арадағы байланысы еш уақытта үзілген емес. Тұрақты комиссиялар жүйелі түрле кәсіпорындар  мен өндірістерге шығып, азаматтардың көкейтесті сауалдарын тыңдап, шешу жолдарын қарастырып отырады. Өз көзімен көріп, мән жайды жан-жақты қарастыратын депутаттар «Депутаттық бақылау» атты жобаны да  жүзеге асырмақ. Мұнда қала тынысының маңызды тетіктері назардан тыс қалмайды.

Сондай-ақ оқыңыз