Орталық Азия елдері экономика жағынан қарыштап дамып келе жатқанымен, халықаралық сауда-саттық саласында көптеген кедергілерге тап болуда. Әсіресе Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан сияқты елдер өз тауарларын экспорттап , импорттауда бір-біріне серіктес бола алмай жатады. Зерттеуге сәйкес, аталмыш елдерде тауар сертификатын алу құны қымбат, бір-бірінің тауарларының сапасын мойындамайды. Бір елдің шекарасынан екінші елдің шекарасына өту үшін ұзақ кезек күтеді. Тез бұзылатын өнімдерді жылдам кедендік тазартудың арнайы механизмдері жоқ. Құжатбастылықтың кесірінен бизнес шатқаяқтап жатады.
Сол олқылықтың орнын толтыру үшін – Еуропалық одақтың қаржыландыруымен Ready4Trade атты жоба іске қосылған болатын. Ready4Trade атты жобасының басты мақсаты- Орталық Азия жобасы Орталық Азияның бес елінде аймақтық және халықаралық сауданың дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. Бұған халықаралық талаптардың ашықтығын арттыру, нормативтік және процессуалдық кедергілерді жою, сауда формальдылықтары мен стандарттарын сақтау бойынша бизнес-мүмкіндіктерді күшейту есебінен, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданы жақсарту есебінен қол жеткізілетін болады. ЕО қаржыландыратын төрт жылдық жоба ЕО қаржыландыратын ірі бағдарламаның сауда компоненті болып табылады, ол Орталық Азиядағы инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған, осылайша аймақтағы тұрақты және инклюзивті экономикалық дамуға ықпал етеді. Ready4Trade Орталық Азия жобасы ЕО-мен қаржыландырылып, ХСО-мен жүзеге асырылады.
Яғни «Ready4Trade» аты айтып тұрғандай 4 бағытты қамтиды:
Бірінші бағыты –Ортақ портал іске қосылады. Мәселен бұл портал Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымының сауда-саттықтығына араласпас бұрын әрбір тауарымызды анықтауға, бағасын реттеуге, айналымын кедергісіз жүргізуге септігін тигізбек. Кедергілерді азайтады.
Екінші бағыты-шекаралас орналасқан елдердің ережені сақтауы үшін арнайы мамандар жұмылдырылады. Демек коуч бағытында дамымақ. Іс-тәжірибеден өткен арнайы мамандар әр елдің аймағында орналасқан шағын және ірі өнеркәсіпорындарға барып тұрып, 5 күн бойы тауардың шығу барысын бақылайды. Арнайы коучтар кәсіпорын иелеріне тауар тасымалдаудың нақты ережелерін ұсынып, халықаралық деңгейге қалай шығу керектігіне көмектеседі.
Үшінші бағыты-электронды сауда-саттықты дамыту. Тағы да арнайы коучтар тренингтар өткізіп, сауда-саттықты электронды жүйеде қалай жасау керектігін үйретеді. Өнеркәсіп иелері сайт қалай ашу керектігін, маркет плейске қалай шығу керек, қандай тауарларды қалай суретке түсіріп оны қалай жарнамалау керектігін, қандай арналардан шығуға болатындығына дейін іс-тәжірибеден өткізеді. Алибаба сияқты интернет нарығына шығудың амал-айлаларын көрсетеді.
Төртінші бағыты-нәзік жандылардың бизнестегі рөлін арттыру. Осыған байланысты Халықаралық сауда орталығы(ХСО) «Сауда саясатын дамыту үшін гендерлік-дезагрегацияланған деректер» бойынша оқыту модульдерінің пакетін әзірледі.Оқыту модульдері мүдделі тараптарға әйелдерді саудаға тартудың неліктен маңызды екенін, сыртқы сауда қызметін жүргізуде әйелдер қандай кедергілерге тап болатынын және гендерлік проблематиканы ескере отырып, сауда саясаты мен сауда стратегияларын әзірлеу және іске асыру арқылы гендерлік-дезагрегацияланған деректерді
жинау арқылы әйелдердің саудаға қатысуын қалай арттыру керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда Ready4Trade жобасы Еуропалық Одақпен (ЕО) қаржыландырылып, Халықаралық сауда орталығымен (ХСО) жүзеге асырылуда. Жобаның ұлттық серіктесі – ҚР Сауда және интеграция министрлігі және «QazTrade» сауда саясатын дамыту Орталығы АҚ («QazTrade»). Экспортты басқару саласындағы оқыту бастамасын Ready4Trade жобасы QazTrade-пен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырып жатқанын атап өткен жөн. Жалпы, бастама аясында ағымдағы жылдың соңына дейін 40 кәсіпорынды оқытуды жоспарлап отыр, олардың 21-і өз миссиясын аяқтады.