Қытай Илон Масктың үстінен БҰҰ-ға шағымданды

Жарияланды
Құжатта Starlink жобасы аясында ұшырылған спутниктер Қытайдың орбиталық станциясына қауіп төндіреді делінген

Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғарыш істері жөніндегі басқармасына (UNOOSA) Tesla және SpaceX автомобиль компанияларының негізін қалаушы Илон Масктың үстінен ресми шағым түсірді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Starlink жобасы аясында ұшырылған спутниктер Қытайдың орбиталық станциясына қауіп төндіреді, делінген құжатта.

Бейжің өзінің орбиталық станциясы биыл екі рет – шілде және қазан айларында Starlink спутниктерімен соқтығыспау үшін шұғыл маневрлерге баруға мәжбүр болды деп мәлімдейді.

Қытайдың UNOOSA-ға шағымынан кейін қытайлық Weibo әлеуметтік желісінің пайдаланушылары Маск, Starlink және АҚШ-ты қатаң сынға алды.

SpaceX толық ауқымды желі құру үшін 12 000 Starlink ғарыш кемесінен тұратын орбиталық шоқжұлдызды орналастыруды жоспарлап отыр.
 

Сондай-ақ оқыңыз