Үндістанда “омикрон” штаммын жұқтырған 781 жағдай тіркелді
Үндістанда Оңтүстік Африкада мутацияланған «омикрон» штамы табылғаннан бері вирустың осы түрінің 781 жағдайы анықталды. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, «омикрон» 21 штатта және одақтас аумақтарда табылған. Қазіргі уақытта елде «омикрон» штамын жұқтырғандардың ішінен 241 адам сауығып шықты. Үндістан COVID-19 оқиғаларының саны бойынша әлемде екінші орында тұр.
Өткен жылдың наурыз айынан бастап инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 34,8 миллионнан асты, 480 000-нан астам науқас қайтыс болды.
Гамалея атындағы ҒЗО әзірлеген «Спутник Лайт» бір компонентті екпесі Тунисте ревакцинацияға арналған әмбебап препарат ретінде тіркелді, – деп хабарлады Ресейдің тікелей инвестициялар қоры.
Тунисте «Спутник V» вакцинасы 2021 жылдың қаңтарында тіркелді. Қазір «Спутник» вакцинасы 71 елде, ал «Спутник Лайт» 30-дан астам мемлекетте қолдануға мақұлданды.
The Lancet журналы «Спутник Лайт» вакцинасының жоғары тиімділігі туралы мақала жариялады, ол індетке шалдықпаған адамдарда да, ауырған адамдарда да күшті иммундық реакция қалыптастырады.