Шығыс Африкадағы осы елдегі қатты құрғақшылық салдарынан екі мыңнан астам Сомали тұрғындары үйлерін тастап кетті. Бұл туралы Анадолу сайты БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы Twitter-не сілтеме жасап хабарлады.
Соңғы екі күнде үйлерін тастап кеткен 2 мыңнан астам адам Банадир ауданын паналаған. Қатты құрғақшылық Сомали тұрғындарының өміріне кері әсерін тигізді. Өткен аптада 20 мыңнан астам адам басқа аймақтарға көшуге мәжбүр болды, делінген хабарламада.
Құрғақшылық ауыл шаруашылығы саласын күйретіп, көптеген Сомали тұрғындары мал шаруашылығын қоса алғанда, күнкөріс көздерінен айырылды. Көші-қон ағыны өсе береді, деп ескертті Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы.