ДДҰ денсаулық сақтау жүйесінің күйреуінен қорқады
Еуропа мен АҚШ елдері күнделікті аурушаңдықтың рекордтық көрсеткіштерін сақтауды жалғастыруда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебреисус екі штамм – «Дельта» және «Омикрон» тоғысқан кездегі жалғасып жатқан толқын жайлы айтты. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Қазіргі уақытта әлемде Ковид-19 жаңа жағдайларының көпшілігі Омикронарқылы туындайды. Зерттеулерге сәйкес, ол барлық алдыңғы штаммдарға қарағанда жұқпалы, бірақ ауыр ауруды тудырмайды.
Дегенмен, Гебреисустың айтуынша, «Дельта» сонымен қатар әртүрлі елдердің халқы мен денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіруде.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері 284,6 миллион адам коронавируспен ауырып, 5,4 миллион адам қайтыс болды.
22-28 желтоқсан аралығында әлемде жұқтырудың 6 миллион 550 мың, яғни күніне орта есеппен 935 мың жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Франс Пресс. Шындығында, жұқтырғандар одан да көп болуы мүмкін.
Екінші күн қатарынан Франция күніне 208 мың жағдай туралы хабарлайды – бұл бүкіл пандемия бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Америка Құрама Штаттарында соңғы аптадағы жаңа жағдайлардың орташа тәуліктік саны 265,4 мыңды құрады, ал өткен дүйсенбіде 440 мыңнан астам жағдай тіркелді.
Рекордтық сырқаттанушылық Ұлыбританияда, Данияда, Португалияда және Австралияда да байқалады.
«Мұның бәрі медицина қызметкерлеріне керемет ауыртпалық түсіреді, денсаулық сақтау жүйесі күйреу алдында тұр», – деді ДДҰ басшысы.