Павлодар облысында спорт кешенін салуға бағытталған бюджет қаражатын жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Павлодар қаласында «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінің сыртқы желілерін салу және үйлерін абаттандыру, сондай-ақ Ленинский кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу кезінде ақша қаражатының жымқырғанын анықтады. Бұл туралы ҚР ҚМА Баспасөз қызметі хабарлады.
А. Ахметов бюджет қаражатын жымқыру мақсатында 2016-2017 жылдары «АзияСпецСтрой» ЖШС, «Ман-Қожа» ЖШС және «Репер-СК» ЖШС сатып алып, оларды жалған тұлғаларға тіркеген, кейіннен аталған кәсіпорындар атынан мемлекеттік сатып алуды өткізуге қатысқан.
А.Ахметов А. Бекеевпен, К. Күлтұмановпен, О. Сағынаевпен және М. Ғаббасовпен алдын ала сөз байласу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстардың іс жүзінде орындалмаған актілеріне қол қойды, осылайша мемлекетке жалпы сомасы 59 миллион теңгеден астам залал келтірілді.
А. Ахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, А.Бекеев 3 жылға, К. Күлтұманов, О. Сағынаев және М. Ғаббасов 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасына тартылды.