Францияда коронавирустың жаңа түрі табылды

Жарияланды
Ол Камеруннан Францияға оралған адамдарда  анықталды

Францияның оңтүстігінде коронавирустың жаңа түрі табылды. Бұл туралы gazeta.ru сайты австриялық Heute газетіне сілтеме жасап хабарлады.

Камеруннан Францияға оралған адамдарда  COVID – 19 жаңа нұсқасы анықталды.

Сарапшылар вирустың бұл нұсқасының қоздырғышы Африка елінде жиі кездесетінін жоққа шығармайды.

Сынақтар «мутациялардың атипті комбинациясын» анықтады. Жаңа нұсқа B.1.640.2 деп аталды.

Марсель дәрігерлері жаңа нұсқада 46 мутация анықталғанын атап өтті. Әзірге бұл штаммның қауіп деңгейі немесе жұқпалылығы туралы деректер жоқ.

Бұған дейін сарапшы жұқтырған тышқандардың кесірінен індетті тоқтату мүмкін емес екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз