10 қаңтардан бастап ақшаны Қазпоштадан алуға болады
Жарияланды
Бастысы, интернет жұмыс істесе болды
Бүгіннен бастап ақшаны «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады. Бұл туралы Хабар 24 «Қазпошта» акционерлік қоғамына сілтеме жасап хабарлап отыр.
Мамандар қаңтардың 10-нан бастап елдегі барлық бөлімшелер ашылатынын айтады. Бастысы, интернет жұмыс істесе болды. Қазпошта зейнетақы төлемдерін іске асырады.
Қазіргі таңда банкоматтарға ақша салу жұмысы басталып кетті. Осы ретте 10 қаңтардан бастап Казпошта бөлімшелері мен банкоматтарыннан ақша шешуге болады. Сонымен бірге Қазақстан бойынша магистральді бағыттардың іске қосылуына байланысты компания 10-қаңтардан бастап пошталық қызметін қайта бастайды»,-деді Қазпошта АҚ департаментінің директоры Алина Жанқұлова.