Аэрофлот әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта бастады
Жарияланды
Ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап «Аэрофлот» әуе компаниясы Нұр-Сұлтанға рейстерді қайта бастады.Бұ туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңалықтары хабарлады.
«Аэрофлот» әуе компаниясының Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:35-те келді.
Нұр-Сұлтан-Мәскеу бағыты бойынша рейсті жергілікті уақыт бойынша сағат 12:05-те орындау жоспарлануда.
«Аэрофлот» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.