Қайтыс болған полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің Банк ВТБ (Қазақстан) банкінде бар несиелері есептен шығарылады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сонымен қатар, 2022 жылдың 5-19 қаңтары аралығында төтенше жағдай режимі кезінде банк жеке және заңды тұлғаларға төлемдерді уақтылы төлемегені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейтіні хабарланды.
«Банк ВТБ (Қазақстан) қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Банк клиенттерінің қаражаты зардап шекпегені және толықтай сақталғаны атап өтілді.
Банк ВТБ (Қазақстан) республиканың барлық аймақтарында жағдайдың тұрақтануына және интернет байланысының қалпына келуіне қарай қалыпты жұмысын қалпына келтіреді.