Қазақстанның ХҚКО-лары өз жұмысын қайта бастады

Жарияланды
Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда

2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде ХҚКО-лар өз жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтарға кезең-кезеңімен барлық қызметтер қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды ресімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды.

Айта кету керек, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін.

Сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚКО-лар жұмыс істемейді. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы автоХҚКО-лар мен ХҚКО-лар жұмысының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайтын болады.

Бұған дейін Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ХҚКО-лар жұмысын тоқтатқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз