Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тағы төрт қосымша пойыз іске қосылды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары арасында тағы төрт қосымша коммерциялық пойызды іске қосады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
10 қаңтар елорданың Нұр-Cұлтан -1 станциясынан № 204/203 пойызы Алматыға сағат 18.55-те жөнелтіледі. Пойыз Алматыға 11 қаңтар сағат 16.31-де келеді.
Сондай-ақ, 10 қаңтар Нұр-Сұлтан-1 станциясынан Алматы-2 станциясына дейін №220/219 пойызы сағат 19.40-та жөнелтіледі. Пойыз Алматыға 11 қаңтар сағат 18.25-те келеді.
Алматыдан елордаға екі коммерциялық пойыз жолға шығады
«Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» (Тальго) бағытындағы №207/208 пойызы Алматы-2 станциясынан 19 сағат 20 минутта жолға шығады.
«Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №205/206 пойызы 22 сағат 25 минутта жөнелтіледі. Пойыз елордаға ертең 19 сағат 13 минутта келеді. Дәл осы пойыз Алматыға 11 қаңтарда 23 сағат 43 минутта жөнелтіледі.
Пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілгенін еске саламыз. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.