Қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына пәтер беріледі
Жарияланды
Қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына пәтер беріледі. Бұл туралы atamekenbusiness_qaz іскерлік telegram-арнасы хабарлады.
Президенттің бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қор және Құрылысшылар одағы бірлесіп осындай шешім қабылдады.
«Қазақстанда қалыптасқан қиын жағдайды ескере отырып, отандық бизнес өкілдерін Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға шақырамыз», – делінген одақ үндеуінде.