LRT елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды

Жарияланды
Мемлекет басшысы енді оны бұзу да тиімсіз екенін айтты

Мемлекет  басшысы бүгін мәжіліс отырысында  құрылысы созылып кеткен, ел арасында «жемқорлық ескерткіші» аталып кеткен  Astana LRT туралы айтты.

«Тұрғындардың ашуына тиетін проблеманың бірі – астанадағы ЛРТ құрылысы. Инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қыруар қаражат жұмсалса да, нәтиже шықпады. Бұл жоба әуел бастан-ақ үлкен қате болды. Қатені мойындау керек. Сыбайлас жемқорлықтан көз ашпаған жоба» деді Тоқаев.

Енді оны бұзу да тиімсіз. Сондықтан отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны егжей-тегжей нақтылау керек деді мемлекет басшысы,

Сондай-ақ оқыңыз