Мемлекеттік қызмет әрбір қазақстандық үшін ашық болуға тиіс

Жарияланды
Президенті мемлекеттік қызметтен кету тәртібін жеңілдету қажет екенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет әрбір қазақстандық үшін ашық болуға тиіс деп мәлімдеді. 

Сондай-ақ Қазақстан президенті мемлекеттік қызметтен кету тәртібін де қысқарту, жеңілдету қажет екенін айтты.

«Ынтасы төмен шенеуніктер жылдар бойы бір кабинеттен шықпай отыруға дайын. Олар жастарға, бастамашыл мамандарға жол бермейді.  Мемлекеттік аппараттың тиімділігін төмендетеді. Мұндай шенеуніктермен жеңіл әрі оңай қоштасу керек» деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ президент егер шенеунік 60 жаста өз жұмысын жақсы атқарса, мемлекет үшін пайдалы болса, оны жұмыстан шығаруға қажеті жоқ деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз