Жаңалықтар

Алматы әкімдігі ескі ғимаратқа көшірілді

Алматы әкімі: Сабыр танытқан тұрғындарға рақмет айтқым келеді

Бақытжан Сағынтаев қарамағындағылармен уақытша Алмалы аудандық әкімдігіне орналасты. Бұл туралы КТК телеарнасына хабарлады.

Штабтың жұмысын, қаланың тынысын дәл осы жерден бақылайды. 90-жылдары Алматы қаласының әкімдігі дәл осы жерде орналасқан еді. Осылайша араға 30 жыл салып қайта оралды. 

 «Қала штабы тәулік бойына тоқтамай жұмыс істеп жатыр. Барлық сұраққа қатысты дер уақытында дұрыс шешім қабылдаудың арқасында қаламыз қалыпты өмірге қайта бет бұрды. Осы күндер аралығында су, жылу, газ үзіліссіз берілді. Азық-түлік қорына да ешқандай қауіп төнбеді. Жағдайды тұрақтандыруға ат салысып, сабырлық танытқан тұрғындарға рахмет айтқым келеді» деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.