Алматыда өткен тәулікте лаңкестік әрекеттерге, тонауларға және басқа да қылмыстарға қатысқан 1678 адам ұсталды. Бұл туралы қалалық комендатураның ақпараттық орталығы хабарлады.
Комендатурада 36 бірлік атыс қаруы мен 1476 оқ-дәрі тәркіленді. Алатау және Медеу аудандарындағы учаскелер қарақшы топтардан тазартылды.
Сондай-ақ, қала маңында орнатылған бақылау-өткізу бекеттерінде қызығушылық танытқан 38 адам ұсталды. 102 пультіне 881 хабарлама, комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел жауап беру туралы өтінішпен 136 сигнал келіп түсті. Барлық хабарлар өңделді.
Жамбыл облыстық полиция департаменті тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен полицияға тәулігіне 288 адам жеткізілгенін, оның ішінде 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жабылғанын хабарлады.
Өңірде жүргізілген рейдтер барысында 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 114 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Соттың санкциясымен 108 адам әкімшілік қамауға алынды.