ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева сырқаттанып қалғанына байланысты Мәжілістің жалпы отырысына қатыспады. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі хабарлады.
Айта кетейік, Дариға Назарбаева бір күн бұрын Мәжіліс отырысына да қатыспады,
«Ол еңбек демалысында», – деді Мәжіліс сәрсенбі күні палатаның жалпы отырысына Назарбаева қатысты ма деген сұраққа жауап бере отырып.
Дариға Назарбаева 1963 жылы Теміртауда дүниеге келген. Ол Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы.
2021 жылдың қаңтарынан – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Осы жылдар ішінде ол: «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице-президенті; «Хабар» агенттігі» ЖАҚ президенті; «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі; Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.