Еліміздегі жолаушылар пойызы барлық бағытта жүреді

Жарияланды
Барлық пойыздарға теміржол билеттері қолжетімді

Бүгінгі таңда жолаушылар пойыздары кесте бойынша және барлық бағытта жүреді. Барлық пойыздарға теміржол билеттері қолжетімді. Нұр-Сұлтаннан шығатын жолаушылар үшін темір жол билеттерінің тапшылығы жоқ. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Күн сайын елордадан басқа қалаларға 30-дан астам пойыз жөнелтіледі. Олардың барлығы да пойыздар кестесі бойынша жүреді. Мәселен, 11 қаңтардағы жағдай бойынша елордадан 42 жолаушылар және қаламаңы пойыздары жолға шықты.

2022 жылғы 8-11 қаңтар аралығында «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-нан 12 қосымша пойыз ұйымдастырылып, 11 мыңнан астам орын ұсынылды.

Билеттер туралы толығырақ ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz пен «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшаларынан білуге болады.

 

Сондай-ақ оқыңыз