Жаңалықтар

Ерболат Досаев: Ұлттық банк валюта нарығындағы балансты интервенция арқылы реттейді

Теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу мақсатында

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев капиталды негізсіз шығаруға қарсы іс-қимыл қалай ұйымдастырылатынын түсіндірді. Бұл туралы  atamekenbusiness_qaz Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арнасы хабарлады.

10 қаңтарда Ұлттық банк Қаржылық мониторинг агенттігімен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылдаған.

 «Жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес операциялар жүргізуге арналған өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі қабылданды, сондай-ақ күшейтілген қаржылық мониторинг жүргізілуі тиіс трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді. Талаптар айқын бұзылған жағдайда, мұндай операциялар жедел тоқтатылатын болады. Қабылданып жатқан шаралар ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің ең үздік әлемдік практикасына негізделеді және KYC (know your client) қағидаттарын толыққанды енгізеді», -деді Ерболат Досаев.

  «Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін Ұлттық Банк негізгі үш бағыт бойынша шаралар қабылдайтын болады.  Бірінші, инфляцияны 2025 жылы 3-4% орта мерзімді таргетке дейін төмендету. Бұған дейін 2021 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметпен бірлесіп жылдық инфляцияны 8,4%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берген инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін іске асыру басталды» – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев 

Теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу мақсатында Ұлттық банк қажетіне қарай валюталық интервенциялар жүргізу арқылы валюта нарығындағы балансты қамтамасыз етеді – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев.