KASE-де 2022 жылғы валюталық сауданың бірінші күнінде доллар нығайды

Жарияланды
Ұлттық валюта 1,76 теңгеге әлсіреді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 12 қаңтардағы негізгі сессияның қорытындысы бойынша таңертең теңге мен доллардың сауда-саттығы өтті.

Доллардың орташа бағамы 433,58 теңге болды.

Ұлттық валюта 1,76 теңгеге әлсіреді.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің бағасы 0,12%-ға арзандап, 83,62 долларды құрады. Солтүстік Американың WTI маркалы мұнайының ақпан айындағы фьючерстері 0,04%-ға өсіп, 81,25 долларды құрады.

2021 жылдың 24 желтоқсаны мен 2022 жылдың 7 қаңтары аралығында дамушы нарық валюталарының динамикасы көп бағытты болды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз