Жаңалықтар

Үкімет құрамына кірген жаңа министрлер ант қабылдады

Үкімет отырысы басталды

Үкімет құрамына кірген жаңа министрлер ант қабылдады. Бұл туралы  atamekenbusiness_qaz Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна хабарлады.

 «Қазіргідей күрделі кезеңде біз Мемлекет басшысының зор сенімін ақтауымыз қажет. Үкіметтің жаңа құрамы халықтың өмір сапасын жақсартуға, экономиканың өсімін сақтауға және пандемияны еңсеруге, сондай-ақ лаңкестер мен бұзақылар келтірген орасан зор шығынды қалпына келтіруге, елімізді жаппай дағдарыстан шығаруға бағытталған Президент тапсырмаларын орындау үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Бұл кезең Үкімет алдында болмаған күрделі міндет. Халық жаңа Үкіметтен нақты нәтиже күтуде»,-деді Жаңа Премьер-министр Әлихан Смайылов

Үкімет құрамына кірген жаңа министрлер ант қабылдады

Олар:

– ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, 
– Әділет министрі Қанат Мусин, 
– Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, 
– Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, 
– Энергетика министрі Болат Ақшолақов, 
– Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін», – деп  ант берді.