Премьер-министр Әлихан Смайылов БАӘ-мен ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасын мәжілістен кері қайтарып алды.
Қазақстан араб инвесторларымен ынтымақтастық шеңберінде екі ірі су электр станциясы – Өскемен және Шүлбі СЭС-індегі мемлекет үлесінің 74,99 пайызын сатуға ниеттенген еді. Сәйкес қаулы Ашық НҚА ақпараттық-құқықтық жүйесінің базасында жарияланған болатын.
Жаңа министрлер кабинетінің өкілдері әлі заң жобасын кері қайтарып алуға қатысты түсініктеме берген жоқ. Сондықтан, бұл шешімнің шарттарды қайта қарау үшін кейінге қалдырылғаны әлде мүлдем күшін жойғаны туралы дерек жоқ.
privatization.gosreestr.kz порталының дерегіне сәйкес, ШҚО екі су электр станциясының негізгі мемлекеттік үлесін сату туралы келісім 2022 жылдың 15 наурызына жоспарланған болатын.
ҚР Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшеневтің kursiv.kz-ке берген жауабында, республикалық меншік объектілерін жекешелендіруден бюджет 21 млрд теңгеге толығуы тиіс еді. Спикер бұл сома түпкілікті емес екенін айтып өткен. «Жекешелендіру объектілерінің бағасы сату күніндегі олардың сұранысына байланысты сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптасады» деді ол өз жауабында.
Бұған дейін Kursiv.kz Парламент депутаттары Үкіметтің Өскемен мен Шүлбі СЭС-ін жекешелендіру шешіміне қарсы шыққанын жазған еді. Парламент депутаты Сергей Решетников мұндай стратегиялық нысандарды жеке меншікке сату инвесторлардың тарифті өздері қойып, электр энергиясы өздері қалаған бағаға сатуына жол ашады деген еді.
2021 жылғы желтоқсанның басында, Әлихан Смайылов ҚР премьер-Министрінің орынбасары қызметінде жүрген кезінде Мәскеудегі Еуразиялық конгресс аясында мемлекет БАӘ-мен келісімде айтылғандай екі СЭС-тің 100% үлесін емес, 74,99 пайызы сатуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын.