Жаңалықтар

Алдағы күндері ел аумағында боран мен көктайғақ болады

Елдегі ауа-райына Баренц теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 15-17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

 «Республиканың көп бөлігінің ауа райына, Баренц теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді. Онымен жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ, 15-28 м/с, сондай-ақ еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде 30 м/с дейін жететін қатты екпінді жел болады деп күтіледі. Термометр бағандары 17 қаңтарға жақын, түнгі уақыттарда батыста 5-13 аязға дейін, солтүстік өңірлерде 5-15 аязға дейін төмендейді деп, ал елдің оңтүстігінде 5 аяз — 5 жылу болады деп болжануда»,- делінген хабарламада.