Алматыда тәртіпсіздікке қатысушыларды ұстау жалғасуда: бір тәулікте 2159 адам ұсталды, деп хабарлады қала комендатурасы.
Олардың барлығы заңсыз әрекеттерге, талан-таражға және басқа да қылмыстарға қатысты деген күдікке ілінген.
Қаланың Жетісу және Наурызбай аудандарында жұмыстар жүргізілді. 67 атыс қаруы мен 3112 оқ-дәрі тәркіленді, деп қосты комендатура.
Алматыда төтенше жағдай сақталады – бір күн бұрын облыстардың басым бөлігінде жағдай тұрақтанды деп хабарланғанымен, Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарында лаңкестікке қарсы операция жалғасуда.
Қалада сағат 23.00-ден 07.00-ге дейін коменданттық сағат