Жаңалықтар

Биыл ҮЕҰ-ға 50 астам грант бөлінеді

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 53 түрлі тақырып бойынша конкурс жариялады

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен 2022 жылға арналған, 53 түрлі тақырып бойынша үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурс жариялады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік гранттық жобалар: адам, балалар құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті дамыту, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған орта және ұлттық бірлік идеясын ілгерілету сияқты қоғамның әлеуметтік, мәдени салаларының 12 бағытын қамтиды.

Қазіргі уақытта Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдардан келіп түскен өтініштерді қабылдап бастады.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 7 ақпанына дейін жалғасады.

 «Өткен жылдардағыдай біз шағын гранттар, әдістемелік, талдамалық, ұйымдастырушылық көмек сияқты құралдар арқылы ҮЕҰ-ға, азаматтық бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған жұмысты жалғастыратын боламыз.

Ең бастысы, Орталық мемлекеттік және мемлекеттік емес қаражатпен жұмыс істей отырып, гранттарды іске асырудың ашықтығы мен есептілігіне баса назар аударатын болады», – деп мәлімдеді Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқармасының төрайымы Лима Диас.

Мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурсына: банкрот деп танылған; мүлкі қамауға алынып, қаржылық әрекеті тоқтатылған; тарап кету алдында тұрған ҮЕҰ қатыса алмайды.

Ал, ҮЕҰ-дың мәліметтер Базасында мағлұматтары бар және ҮЕҰ конкурсына қатысу талаптарына, бекітілген Қағидасына сәйкес келетін өтінім ұсынған ҮЕҰ аталмыш конкурсқа қатыса алады.