Алматыда заңсыз әрекеттерге қатысушылар саны 2,6 мыңға жетті
Жарияланды
Барлығы 127 атыс қаруы тәркіленді
Терроризмге қарсы операция басталғаннан бері барлығы 2601 заңсыз әрекеттерге, тонаушылыққа және басқа да қылмыстарға қатысушы ұсталды, деп хабарлайды Алматы қаласы комендатурасының жедел штабы.
Барлығы 127 атыс қаруы мен 4077-ден астам оқ-дәрі тәркіленгені хабарланды.
Комендатурада айтқандай, өткен тәулікте 102 пультіне небәрі 329 хабарлама түскен.
Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап еткен 48 дабыл тіркелді.