Роберт Левандовски 2021 жылдың үздік футболшысы атанды

Жарияланды
ФИФА өткен жылдың жеңімпаздарын жариялады

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Халықаралық кәсіпқой футболшылар қауымдастығы федерациясы (FIFPro) өздерінің 2021 жылғы Әлемдік символдық командасын атады.

Қақпашы: Джанлуиджи Доннарумма (ПСЖ, Италия)

Қорғаушылар: Давид Алаба («Реал», Австрия), Рубен Диаш («Манчестер Сити», Португалия), Леонардо Бонуччи («Ювентус», Италия).

Жартылай қорғаушылар: Жоржиньо («Челси», Италия), Н’Голо Канте («Челси», Франция), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия).

Шабуылшылар: Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед», Португалия), Эрлинг Холанд («Боруссия Дортмунд», Норвегия), Роберт Левандовски («Бавария», Польша), Лионель Месси («ПСЖ», Аргентина).

Чемпиондар лигасы мен УЕФА Суперкубогын жеңіп алған «Челсидің» неміс менеджері Томас Тухель 2021 жылдың үздік бапкері атанды.

Мюнхендік «Бавария» және Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски жылдың үздік футболшысы атанды.

Сондай-ақ оқыңыз