ҚР ақша айырбастау пункттерінде цифрлық құжаттарды пайдалануға болады
Жарияланды
ҚР Ұлттық банкі қабылданған түзетулер туралы хабарлады
Қазақстан Ұлттық Банкі айырбастау пунктерінде қолма-қол шетел валютасымен операция кезінде клиенттерді сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттарды да пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулердің қабылданғанын хабарлайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Тиісті өзгерістер Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 90 күн өткен соң күшіне енеді (Қаулы 2021 жылы 29 желтоқсанда жарияланды).
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында танысуға болады.