Жаңалықтар

Жаңа қорғаныс министрі тағайындалды

Мемлекет басшысы сәйкес жарлыққа қол қойды

Еліміздің қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қызметінен кетіп, оның орнына Руслан Жақсылықов тағайындалды. Мемлекет басшысы сәйкес жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды» делінген жарлықта. 

«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын» делінген Президент жарлығында. 

«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», – делінген ҚР Президентінің жарлығында.

Жақсылықов Руслан Фатихұлы 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келді. 

I, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің Орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 40 медалімен наградталған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы – генерал-лейтенант.

1983 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданының Киров атындағы орта мектебін бітіргеннен кейін И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне командалық тактикалық басшылық мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1987 жылы бітірді.

1987 және 2006 жылдар аралығында взвод командирінен бастап құрама командиріне дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2006 және 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының орынбасары болған ол әр жылдары  ІІМ Ішкі әскерлері Қолбасшысының бірінші орынбасары – ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы, ІІМ Ішкі әскерлерінің Қолбасшысы. ІІМ Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы қызметін атқарған. 

2014 жылғы 24 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланынының Бас қолбасшысы.

2021 жылғы 29 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары – Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы.

2022 жылдың қаңтар айынан ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды.