АҚШ-та белгісіз біреулер мектеп автобусына оқ жаудырды

Жарияланды
15 жасар жасөспірім қаза тапты

АҚШ-тың Питтсбург қаласында белгісіз біреулер мектеп автобусына оқ атып, 15 жасар оқушы көз жұмды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Полиция екі күдіктіні іздестіріп жатыр. Оқиға кезінде автобуста тек оқушы пен жүргізушінің болған.

 «Осы оқтың құрбаны ауруханада қайтыс болды… Оқиға орнына барған полиция кеуде тұсынан кем дегенде бір оқ жарақатын алған 15 жасар жас жігітті тапты. Ол мектеп автобусында отырған кезде сырттан оқ тиген. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді, жағдайы ауыр болған. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз