Алматыдағы тәртіпсіздіктен зардап шеккендерге 2 млн теңгеден беріледі

Жарияланды
Қаражат жарақаттың ауырлығына байланысты беріледі

 Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген Алматы қаласының медициналық, полиция және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілетінін, зардап шеккендер мен жарақат алғандарға өтемақы берілетінін мәлімдеді.

Ауыр жарақаттар үшін 2 миллион теңге, орташа жарақат үшін 1 миллион теңге, жеңіл жарақат үшін 500 мың теңге береді.

Әкім сақтандыру төлемдерін ескере отырып, жеке тұлғаларға көлік шығынын өтеуге, тұрғын үйлердің зақымдалған қасбеттері мен терезелерін жөндеуге уәде берді. Сағынтаев тұрғын үй-құрылыс кооперативі және тұрғындармен бірлесіп, мұндай жұмыстардың басталып кеткенін айтты.

Жақында Алматыдағы тәртіпсіздіктен келген шығын көлемі 95 миллиард теңгеге дейін қысқарғаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз