Новости

Бай мен кедейдің арасы тым алшақтап кетті – Тоқаев

Мемлекет басшысы бүгін ірі бизнес өкілдерімен кездесті

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуде мемлекет басшысы елімізде бай мен кедейдің арасы тым алшақтап кеткенін, халықтың жартысына жуығының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын айтты. 

«Халықаралық сарапшылардың тұжырымдауынша, ел байлығының  жартысын бар-жоғы 162 адам иеленеді. Ал халықтың 50 пайызының табысы 50 мың теңгеден аспайды. Яғни, жылына 1300 доллардан сәл асатын ақша. Мұндай ақшаға өмір сүру мүмкін емес, сондықтан жағдайды тез арада өзгерту керек» деді президент.

Мемлекет басшысы  ел экономикасы өсімінің пайдасын тек элита, азғантай топ көріп отыр деді. Ал қарапайым халықтың табысы жылдан жылға төмендеп барады. Бұл мемлекет қауіпсіздігіне төнген елеулі қатер.

Елдегі экономикалық модель келесідей болды: мемлекет бизнестің дамуына мүмкіндік берседі, ал олар жұмыс орындары құрып, пайда әкелуі тиіс еді. Бірақ нәтиже жоқ.  Пезидент ұлттық табыс құрылымындағы бизнес пайдасының үлесі 61,5 пайыз болса, салықтың үлесі – 7,3%, ал халықтың табысы соның тек үштен бірін – 31 пайызды құрайды деп атап өтті. 

Мемлекет басшысы бизнес-қауымдастықты осыдан сабақ алып, жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.