Қартайғанда қазақстандықтардың 75 пайыздан астамы тек зейнетақыға сенеді. Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық деңгейін анықтаған жыл сайынғы социологиялық зерттеудің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның сайты хабарлайды.
Респонденттердің айтарлықтай бөлігі олардың қаржылық әл-ауқатының негізгі көзі зейнетақы болады деп есептейді. Бұл 2271 респонденттің немесе респонденттердің 75,7%-ының жауабы болды.
«288 респондент (9,6%) жеке бизнесіне, 244 респондент (8,13%) БЖЗҚ-дағы жинақтардан басқа басқа да жинақтарға сүйенеді», – делінген хабарламада.
Қаржылық сауаттылық деңгейі екі деңгейде талданды: негізгі және қосымша.
Жалпы білімнің базалық коэффициенті 69,9% құрады, бұл өткен жылғы 62% көрсеткіштен жоғары. Жоғары деңгейлі білім коэффициенті 43,4% құрайды. Өткен жылы ол 27,5 пайызды құрады.