Новости

ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропарламенттің қарарын біржақты деп атады

Ведомство тергеу нәтижелері жарияланғанға дейін мұндай құжаттарды қабылдауға болмайды деп санайды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Еуропалық Парламенттің еліміздегі жағдайға қатысты қабылдаған қарары біржақты сипатқа ие екенін және объективті емес тұжырымдарға негізделгенін мәлімдеді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Еуропалық Парламенттің аталған қарарын асығыс қабылдауы демократиялық институттарды нығайту және азаматтық қоғамның дамуына бағытталған ҚР Президентінің реформаларын қабылдау және жүзеге асыру үдерісіне кері әсер етеді және зиян келтіреді», – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Еуропалық одақтың барлық институттарымен өзара түсіністік және құрмет қағидаттары негізінде өзара сындарлы іс-қимыл жасауға мүдделі.

Сыртқы істер министрлігі тергеу нәтижелері халықаралық қауымдастыққа қолжетімді болатынын атап өтті.