Америкалықтарға Украинаға бармауға кеңес берілді
Жарияланды
АҚШ Мемлекеттік департаменті дипломаттарына елден кетуге рұқсат берді
Мемлекеттік департамент америкалық дипломаттарға Украинадан өз еркімен кетуге рұқсат берді және АҚШ азаматтарына елден кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.
Мемлекеттік департамент бұл ұсынысын «кез келген сәтте» басталуы мүмкін «Ресей тарапынан болатын әскери операциялар қаупімен» түсіндірді. Сонымен бірге Вашингтон елшіліктің тұрақты жұмысын жалғастыратынына сендірді.
«2022 жылдың 23 қаңтарында Мемлекеттік департамент америкалық қызметкерлердің өз еркімен кетуіне рұқсат берді», – делінген хабарламада.
Украинадағы америкалық азаматтарға қазірден бастап кетуге кеңес берді. Мемлекеттік департамент өкілі брифингте айтқандай, кенеттен қақтығыс басталған кезде «АҚШ үкіметі американдық азаматтарды эвакуациялай алмайды».